Жаңалықтар

Түрмеде жатып, телефонмен адамдарды алдап ақша алған

Түрмеде жатып, телефонмен адамдарды алдап ақша алған
Фото: ©El.kz 04.08.2023 19:53 1227

БҚО киберполицейлері облыстық ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп түрмеде жатып, телефонмен адамдарды алдаған адамды әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

29 маусым күні белгісіз адам 54 жастағы А. есімді азаматтың WhatsApp желісіне қызы басқа нөмірден хат жазып жатқандығы жайлы және лимиттік карталарда қарыздары барын хабарлаған. Осылайша, ол жәбірленушінің банктік картасының деректерін алып, 477 мың теңгені иемденіп алған.

Алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 26 жастағы М. есімді азаматтың қылмысы әшкереленді. Одан телефон мен екі SIM-карта табылды. Күдікті мойындау көрсетпелерін беріп, заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚАЖД қазір тыйым салынған заттарды өткізу арналарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар мекемелер ішіндегі ұялы телефондарды тәркілеу, ұялы байланыс арқылы арнайы контингент жасаған қылмыстарды ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - делінген ІІМ таратқан хабарламада. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға