Түркияның бүкіл аумағында мемлекеттік тулар жартылай түсірілді
Фото: Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency
07.02.2023 03:44
1439
Түркияда бүкіл ел аумағында мемлекеттік тулар жартылай түсірілді, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл елде жарияланған жалпыұлттық аза тұту күндерінің басталғанын білдіреді.
Түркия басшысы елдің оңтүстік-шығысында орын алған жер сілкінісіне байланысты жеті күндік жалпыұлттық аза тұту жариялаған болатын. Мемлекеттік тулар бүкіл Түркия аумағы мен елдің шетелдегі өкілдіктерінде жексенбі, 12 ақпан күні күн батқанша жартылай түсіріледі.
Түркияның оңтүстік-шығысында кеше жеті балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны уақыт өткен сайын көбеюде. Соңғы мәліметтерге сәйкес, зілзала құрбандарының саны 2,3 мыңнан асты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәдениет нысандары қаланың тартымды орындарына айналады
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті