Түркиядағы зілзаладан 7 мыңға жуық шетелдік қаза тапты
Фото: Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency
20.03.2023 11:20
1066
Түркияның вице-президенті Фуат Октай елде 6 ақпанда орын алған жойқын зілзаладан 49 мың 589 адам қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Кахраманмараштағы жер сілкінісі құрбандарының арасында 6807-і – шетел азаматы екені анықталды.
Түркияның төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасы (AFAD) жер сілкінісінен зардап шеккен провинцияларға 31 млрд лира (1,6 млрд доллар) жіберді. Ал мемлекеттік органдар мен ұйымдар 22,3 млрд лира (1,1 млрд доллар) аударды, - деді Фуат Октай.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда жойқын жер сілкінісі болғаны белгілі. Зілзаладан соң 4 мыңнан астам афтершок тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға