Жаңалықтар

Түркиядағы Жерорта теңізі жағалауында жер сілкінді

Зілзала қуаты 4,5 балды құраған
Түркиядағы Жерорта теңізі жағалауында жер сілкінді
Фото: Anadolu Agency 06.03.2023 23:18 2380

Түркия жағалауында қуаты 4,5 балды құраған жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері Искендерун шығанағы ауданында тіркелген.

Түркияның оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан Жерорта теңізіндегі Искендерун шығанағындағы зілзала магнитудасы 4,5-ті көрсеткен. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) таратқан ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері Хатай провинциясында сезілген.

Дүмпу ошағы 5,39 шақырым тереңдікте орналасқан.

Эпицентрі Жерорта теңізінің Искендерун ошағында болған.

Жергілікті биліктің айтуынша, жер сілкінісінен қаза тапқандар мен қирау туралы ақпарат жоқ.  

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі орын алды. Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 мыңнан асты.  

Бұған дейін Түркияда зілзаладан құлаған ғимараттарға қатысы бар 247 адам қамалғаны белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға