Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 9 мыңнан асты
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 9 057-ге жетті, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Ал жаралылар саны 52 979 адамды құрап отыр.
Ел президенті Режеп Тайып Ердоған апат болған аймаққа ат басын бұрды. Ол Кахраманмараш қаласындағы зілзаладан зардап шеккен азаматтарға арналған шатырдан жасалған қалашыққа барды. Сонымен қатар Оникишубат стадионына тоқтап, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жараланғандарға жылдам сауығып кетулерін тіледі.
Түрік көшбасшысы үйлері қирап қалған тұрғындардың барлығына жаңа пәтер берілетінін айтты.
Біз бұл апатты жеңеміз. Құлаған ғимараттардың орнына жаңа үйлер салынады. Бұл біраз уақытты талап етеді, дегенмен неғұрлым жылдам қолға алынады, - деді президент.
Соңғы деректерге сүйенсек, Түркиядағы апат құрбандарының саны 9057 адамды, жаралылар саны 52979 адамды құрады, 6444 ғимарат бүлінген.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын жер сілкінісі орын алды.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда 7 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады.