Түркиядағы соңғы зілзаладан 3 адам қаза тапты
Фото: Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency
21.02.2023 07:08
1262
Түркияның Хатай провинциясында орын алған соңғы жер сілкінісінде 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Елдің ішкі істер министрі Сүлейман Солу 213 адамның зардап шеккенін айтты.
Түркия вице-президенті Фуат Октай Дефне ауданында болған 6,4 балдық жер сілкінісінен соң 20 тербеліс тіркелгенін мәлім етті.
AFAD агенттігі Хатай провинциясында бүгін болған зілзаладан соң хабарланған теңіз деңгейінің көтерілуі туралы ескертудің күші жойылды деп отыр.
Бұған дейін дүйсенбі күні Хатай провинциясының Дефне ауданында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қар, бұрқасын: 21 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды