Түркияда зілзала құрбандарының саны 7 мыңнан асты
Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы ТЖ салдарын жою басқармасы мәлім етті
Фото: ria.ru
Фото: ria.ru
08.02.2023 15:43
1600
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 7108-ге жетті, 40 910 адам жараланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жер асты дүмпулері Түркияның Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османийе, Хатай, Килис, Малатия және Элазиг провинцияларында 5 775 тұрғын үй қираған, апат аймағының тұрғындары үшін 50 818 шатыр орнатылған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 79 110 адам тартылған. Жүк пен құтқарушыларды жеткізуге, сондай-ақ зардап шеккендерді тасымалдауға 104 дана авиациялық техника жұмылдырылған.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарға бара жатыр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды