Түркияда зілзала кезінде 4 қазақстандық жоғалып кетті

Фото: trt.net.tr
Фото: trt.net.tr
08.02.2023 16:41
1588
Түркияда жер сілкінісінен кейін төрт қазақстандық хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Біздегі ақпаратқа сәйкес Түркияда 4 қазақстандық жоғалып кетті", - деді елші.
Елшінің айтуынша, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың біреуі Адана қаласында, үшеуі Хатай провинцияда жүрген. Алайда, түрік дипломаты әзірге азаматтарды іздеу бойынша ресми өтініш түспегенін, бұл әлеуметтік желідегі ақпарат екенін ескертті.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды