Түркияда жолаушылар автобусы фурамен және жеңіл көлікпен соқтығысты

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
24.11.2024 14:19
505
Түркияның Афьонкарахисар қаласында қалааралық автобус жеңіл көлікпен және фурамен соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол апатынан кем дегенде 30 адам жарақат алды.
Hürriyet газетінің мәліметінше, автобус Анкараға бара жатқан.
Топдере ауылында автобус фурамен және жеңіл көлікпен соқтығысты, автобустағы 30 адам жарақат алды, - делінген мәліметте.
Медициналық көмек қажет болған барлық жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті