Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды
Фото: telegram
Фото: telegram
31.07.2023 15:42
623
Аланиядағы жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Ол бүгін таңертең ауруханада көз жұмған.
Қайтыс болған ҚР азаматының ұлы Аланияға барған, қазір ол қазақстандық дипломаттармен бірге. Оған барлық қажетті қолдау мен көмек көрсетіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Антикор экс-вице-министрге қатысты тергеуді аяқтады
- «Психология арқылы бақытты адамдар көбейеді»: маман жан әлемі жайлы
Естеріңізге сала кетейік, Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырап, қазақстандық азаматтар зардап шеккен болатын. Шағын автобуста 12 қазақстандық болған және олар әртүрлі дәрежеде жарақат алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Батыс Қазақстан облысында 21 адам бруцеллез жұқтырған
Келесі жаңалық
Air Astana біздің аспанның құдайы болып алған – Жаңбыршин