Жаңалықтар

Түркияда жол апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың сот істері қалай жүріп жатыр? СІМ жауап берді

Түркияда жол апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың сот істері қалай жүріп жатыр? СІМ жауап берді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.09.2023 13:46 2369

Журналистер Смадияровтан Түркияда жол апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың сот істері қалай жүріп жатқанын сұрады. «Тергеу амалдары мен сот істеріне елшілік ықпал ете ала ма?» деп сұрады журналистер.

Біз отандастарымыздың құқығы бұзылмауын бақылап отырмыз. Бірақ біздің тергеу жүргізуге, сот ісіне араласуға құқымыз жоқ. Тергеуді сол елдің құқық қорғау органдары жүргізеді,- деді Смадияров.

Айта кетейік, біз бұған дейін осы туралы жазған болатынбыз. Түркияда жол-көлік апаты болып, төрт қазақстандық зардап шекті. 1989 жылы туған әйел мен оның екі жасар қызы оқиға орнында көз жұмды. 1986 жылы туған азамат, сол әйелдің күйеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ал 2014 жылы туған ұлдары ауруханада ем алып жатыр.

Сондай-ақ министрлік өкілі жыл сайын қанша азаматымыз елшіліктен көмек сұрайтынын нақтылай алмайтынын айтты. Оның сөзінше, елшіліктен азамат өзі көмек сұрағанда немесе шетелдің елшіліктері хабарлағанда ғана СІМ-ге ақпарат келіп түседі. Кей азаматтар хабар бермеуі де мүмкін екенін тілге тиек етті.

Шетелде оқыс жағдайға тап болған қазақстандықтардың қауіпсіздігіне кім жауап береді? Шетелге демалуға барған немесе іссапармен барған қазақстандықтар әртүрлі оқыс оқиғаларға тап болып жатады. Олардың құқығы қалай қорғалып жатыр? Осы туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді.

Шетелде жүрген қазақстандықтар өз қауіпсіздіктеріне өздері жауапты. Егер елшіліктен көмек сұраса, біз көмектесуге дайынбыз. Бірақ шетелде жүрген әрбір қазақстандықты мемлекет қолынан ұстап, бағыт-бағдар беріп, ертіп жүре алмайды, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға