Жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңға жетті

15 834 адам жарақат алған
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңға жетті
Фото: ria.ru 07.02.2023 09:30 1402

Түркияның оңтүстігінде болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2921 адамға жетті. Бұл туралы Түркия Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезар мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Оның айтуынша, 15 834 адам жарақат алған. Түркия вице-президенті Фуат Октай үйінді астынан 7840 адам аман шығарылғанын мәлім етті.

Сондай-ақ 338 мың адам жатақхана, университет пен түрлі орналастыру орындарына жайғастырылғанын айтты.

Президент Режеп Тайип Ердоған Түркияда жеті күнге жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Ел аумағында барлық Мемлекеттік тулар түсірілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, кеше Түркияның оңтүстік-шығысында бір тәулік ішінде магнитудасы жеті балдан жоғары екі жер сілкінісі (жергілікті уақытпен 04:17-де – 7,7 балл, 13:24-те – 7,6 балл) болған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға