Жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 42,3 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 42,3 мыңнан асты
Фото: aa.com.tr 22.02.2023 11:18 1311

Эпицентрі Түркияның Кахраманмараш аймағында болған жер сілкінісінен мерт болғандар саны 42 310 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп мәлімдеді Анадолы агенттігі.

Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элязыг провинцияларында көптеген адам шығыны тіркелді.

Апат аймағынан эвакуацияланғандар саны 448 018 адамға жетті.

Қазіргі уақытта апат аймағына AFAD, Түрік қарулы күштері, жағалау күзеті, өртке қарсы қызмет, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ халықаралық құрылымдарды қосқанда 14 740 қызметкер жұмылдырылған.

Жалпы, жер сілкінісі болған аймақтарда 242 392 адам, оның ішінде полиция, жандармерия, жедел жәрдем бар.

Қоқыс шығаруға 13 700 техника жұмылдырылды.

Ұлттық қорғаныс министрлігі мен жағалау күзеті қолбасшылығы қызметкерлерді тасымалдау, гуманитарлық көмек және халықты эвакуациялау үшін барлығы 38 кеме бөлді.

301 289 шатырды орнату аяқталды. Сондай-ақ, облыста 6375 модульдік үй құрылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға