Түркияда жер сілкінді
Зілзала ошағы Челикхан ауданында орналасқан
Фото: Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency
04.03.2023 22:15
1735
Түркияның Адыяман қаласында магнитудасы 4,4-ті құраған жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) зілзала жергілікті уақыт бойынша 08:27-де болғанын айтты. Жер сілкінісінің ошағы Челикхан ауданында орналасқан. Ошақ 7 шақырым тереңдікті құраған.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда жойқын жер сілкінісі болғаны белгілі. Зілзаладан соң 4 мыңнан астам афтершок тіркелді.
Сонымен қатар Түркияның оңтүстік аймағында магнитудасы 5,6 балды құрған жер сілкінісі болды.
Зілзала ошағы Кайсери қаласынан батысқа қарай 16 шақырымда, «Эрджиес» тау-шаңғы курортының маңында орналасқаны айтылды.
Бөлісу:
