Түркияда жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам жарақат алды
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көшеде қауіпсіздік шараларын қабылдауда
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr
13.11.2022 22:28
2371
Президент Ердоған Истиклал көшесіндегі жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ. Хабарламадан кейін бұл аймаққа көптеген өрт сөндірушілер, полиция және медициналық топтар жіберілген.
«Бүгін сағат 16:20-да Истиклал көшесіндегі жарылыс салдарынан қаза тапқан бауырларымызға және жаралыларымыздың тезірек сауығып кетуіне Алланың рақымын тілеймін», - деді Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Барыс» хоккейшілері «Салават Юлаевты» жеңді
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды