Түркияда тағы бір қазақстандықтың денесі табылды
10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді», - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды.
Айта кетейік, Түркияда жойқын зілзаладан қаза болған қазақстандық Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылғандығын хабарлаған болатынбыз. Ал аман табылған Жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярова ем алып жатыр.