Түркияның Кайсери провинциясында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдай салдарын болдырмау және жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 14.47-де тіркелген жер сілкінісінің ошағы Инжесу ауданында болған.
Жер сілкінісінің ошағы 12,8 шақырым тереңдікте болған.
Түркияның Telegram арналарының хабарлауынша, Кайсери провинциясындағы жер сілкінісі көшкінге себеп болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында қатты желден 21 ауыл жарықсыз қалды
Келесі жаңалық
35 градус аяз күтіледі