Түркияда қазақстандық танымал журналист қаза тапты

Түркияда жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты. Бұл туралы Түркияның TRT Haber басылымы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Алания аймағында көлік апатынан 3 турист қаза тапты.
Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда, - деп жазды Жасұлан Бисембиев Facebook парақшасында.
Екі көліктегі де жараланған 17 адамның алтауы Түркия азаматы, жетеуі Израиль азаматы, екеуі ресейлік, екеуі қазақстандық екені белгілі болды.
