Жаңалықтар

Түркияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды

Түркияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды
Фото: indiana university 14.10.2023 22:32 2792

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Түркияның солтүстігінде 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық мәліметінше, зілзаланың орталығы 200 мыңға жуық халқы бар Болу қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде орналасқан. Ал ошағы 3 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға