Түркияда 261 сағат өткенде үйінді астынан екі адам аман табылды

Фото: Анадолы агенттігі
Фото: Анадолы агенттігі
17.02.2023 10:01
889
Антакья қаласының Одабашы ауданында жер сілкінісі болған соң 261 сағат өткенде үйінді астынан Мехмет Әли Шакироғлы мен Мұстафа Авчи аман шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Құтқару бригадасы дереу 26 жастағы Мехмет Әли Шакироғлы мен 34 жастағы Мұстафа Авчиді шығарып алды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмарашта болған, магнитудасы 7 балдан асқан екі жер сілкінісі тіркелді. Артынша жүздеген афтершокқа жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, оның ішінде Сирияда да сезілді.
Осыған дейін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Сайлаушылардан саналы, байсалды дауыс беру күтіліп отыр
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді