Жаңалықтар

Түркия туризмнен 61 млрд доллар табыс тапты

Түркия туризмнен 61 млрд доллар табыс тапты
Фото: ©Pixabay.com 07.02.2025 08:34 100

2024 жылы Түркияға 62 млн-нан астам турист барып, одан ел қазынасына 61 млрд доллар пайда түскен. Бұл ел тарихында болмаған көрсеткіш, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы жылдары Түркия жыл он екі ай бойы турист тарту бағытында нақты қадамдар жасап отыр. Олардың қатарында тарихи туризм, діни туризм және гастро туризм, яғни ұлттық тағамдар ұсыну сияқты бағыттар бар. Осының арқасында соңғы 5 жылда елге келетін турист саны жыл сайын шамамен 10 пайызға артты.

Ресми мәлімет бойынша, былтыр Түркияға ең көп турист Ресейден барған – 6 жарым млн адам. Одан кейін тізімде Германия мен Англия тұр.

БҰҰ ақпаратына сәйкес, Түркия әлемде ең көп турист баратын елдердің ішінде төртінші орында.

Түркияға жыл сайын 100 мыңнан аса қазақстандық демалуға барады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға