Жаңалықтар

Түркия құтқарушылары шеберлігін шыңдау үшін Қазақстанға оқуға келуі мүмкін

Олар мамандарымыздың біліктілігіне қайран қалған
Түркия құтқарушылары шеберлігін шыңдау үшін Қазақстанға оқуға келуі мүмкін
Фото: Anadolu Agency 25.02.2023 08:18 2999

Түркиялық құтқарушылар шеберлігін шыңдау үшін Қазақстанға оқуға келуге ниет білдірді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

7 ақпанда Президент тапсырмасымен Алматыдан бауырлас Түркия халқына көмектесу үшін барлығы 33 адам және Апаттар медицинасы орталығынан 5 маман аттанды. Түркияға барғаннан кейін қазақстандық құтқарушылар Газиантеп қаласында жұмыс істеді. Алматылықтар түрік координаторларынан ең ауыр нысанды көрсетуді өтінген. Ол жерге 10 адам жіберілді. Толығымен қираған үш қабатты ғимарат болды. Біз оған көзбен шолу жасадық, оған жақын тұрған үйдің де қирау қаупі болды. Тексеру кезінде олар бір әйелді тапты, оны шығару үшін түні бойы жұмыс істеді. Ғимараттың басылып қалғаны сонша, бетон төбесі мен еденнің арасы 30 сантиметр болды, қиын жағдайда жұмыс істеуге тура келді, – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Владимир Цой.

Қазақстандық құтқарушылар барлығы 7 адамды құтқарып, қаза болған 88 адамды шығарған.

Қазақстан құтқарушыларының кәсіби шеберлігін түрік әріптестері мен қарапайым азаматтар жоғары бағалады.

Олар аудармашы тауып, «Қазақтар неге соншалықты мықты, сіздерде жер сілкінісі жиі болып тұра ма?» деп сұрады. Оған мен Қазақстанда білікті құтқарушылар мектебі қалыптасқанын айттым. Расында, елімізде өте жақсы мектеп қалыптасқан. Біз жыл сайын полигонда оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өткіземіз. Бұл дайындық Түркияда өте пайдалы болды, - деді Владимир Йой.

Сонымен қатар ол құтқарушыларға Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен еріктілер қолдау көрсеткенін тілге тиек етті.

Олар түрік құтқарушыларын оқытуға көмектесуді өтінді. 30 құтқарушысын Алматыға оқуға жіберуге дайын,- деді спикер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға