Түркия профессоры Стамбұлда күшті жер сілкінісі қашан болатынын айтты

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
28.04.2025 10:43
322
Стамбұлда ірі жер сілкінісінің болуы үшін кемінде 20-50 жыл уақыт қажет, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Түркия профессоры Овгюн Ахмет Эрджан әлеуметтік желі X парақшасында жазды.
Оның айтуынша, 23 сәуір күні Стамбұлдың Силиври жағалауында тіркелген 6,2 магнитудалы жер сілкінісі өз белсенділігін толықтай аяқтады.
Стамбұл бағытындағы шығысқа қарай қозғалыс тоқтады, — деп атап өтті профессор Эрджан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ер адам өз қызын сұлулық салонында істегені үшін өлтіріп тастады
Келесі жаңалық
1 мамыр күні магниттік дауыл болады