Түркия президенті балаларға ақша таратты
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сайлау учаскелерінің бірінде балаларға ақша таратты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ердоған сайлау учаскесіне әйелімен бірге барды. Олар Ыстамбұлдағы Ускюдар ауданында орналасқан мектептердің бірінде дауыс берді.
Дауыс бергеннен соң Түркия басшысы сайлаушылармен әңгімелесіп, қалтасынан бір бума ақша шығарды да, балаларға тарата бастады.
Израиль тілшісі Амичай Штайнның Twitter-ге салған видеосы желіде тез тарап кетті.
The President of Turkey arrives to vote - and distributes cash to children pic.twitter.com/ET3YCctvR6
— Amichai Stein (@AmichaiStein1) May 14, 2023
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, балалар жалпы 200 лира алған, бұл шамамен – 4500 теңге.
Айта кетейік, бүгін Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр.