Жаңалықтар

Түркия елшісі Қазақстан халқы мен Үкіметіне алғыс айтты

Түркия елшісі Қазақстан халқы мен Үкіметіне алғыс айтты
Фото: gov.kz 22.02.2023 21:00 1159

Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге Ұлттық волонтерлік желісі гуманитарлық көмек жинағаны белгілі. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйытқы болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Нәтижесінде Түркияға 500 тоннадан астам гуманитарлық көмек жолданды.

Осыған орай, бүгін Ұлттық волонтерлік желісі директорының орынбасары Айбек Досымбетов Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджимен кездесіп, AFAD қорының есепшотына 106 млн теңгеден астам қаржы аударды.

Аталған кездесуге ҚМДБ-ның Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев пен ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Элина Паули да қатысты.

Кездесу барысында Уфук Экиджи Қазақстан халқы мен Үкіметіне осынау қиын қыстау кезде бірінші болып көмек қолын созып, жанынан табылғанына үлкен алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға