Түркістандық түлек ҰБТ-да ең жоғары балл жинады

Еліміз бойынша Түркістан облысының мектеп түлегі ҰБТ-да ең жоғары балл жинады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, жоғары 138 балл жинады. Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже, – деп мәлімдеді облыс әкімдігі.
Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і – «Алтын белгіге», 2 466 оқушы – «Үздік аттестатқа» үміткер.
