Түркістандық полицейлер 150 келі балықты тәркіледі
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
08.04.2023 16:42
1012
Түркістандық полицейлер 150 келідей заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
«Уылдырық» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы аясында Мақтарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактісін анықтады.
Оқиға орнынан жалпы 150 келідей сазан балықтары, 1 дана үрмелі резеңке қайығы, 2 дана шанышқы құралы тәркіленді.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3- бөлігі «Балық, ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚР ҰЭМ-де әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
Келесі жаңалық
Антикор жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттар енгізбек