Жаңалықтар

Түркістандық полицейлер 100 оқушыға дәріс өткізді

Түркістандық полицейлер 100 оқушыға дәріс өткізді
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті 20.04.2025 21:37 104

Түркістан облысының полицейлері оқушылармен кездесу өткізді. Мақсат - алаяқтық қылмысының алдын алу, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мектеп ұжымы және оқушылармен кездескен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Жасұлан Тастемір қатысушыларды алаяқтардан сақ болуға шақырды.

Кездесуде жастардың өмір салтына айналған әлеуметтік желіде алаяқтарға алданбау, күмәнді хабарламалар мен қоңырауларға абай болу, облыстағы алаяқтық қылмысының статистикалық көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ интернет алаяқтықтың жасалуына ықпал ететін факторлар мысалмен жеткізілді.  

Кездесу соңында оқушыларға интернет-алаяқтықтың салдары туралы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ брошюралар таратылды. Іс-шарада барлығы 100-ден астам жас қатысып, профилактикалық іс-шаралармен және дәрістермен қамтылды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға