Жаңалықтар

Түркістандық омарташылардың аралары бір күнде қырылып қалды

Түркістандық омарташылардың аралары бір күнде қырылып қалды
Фото: Видеодан кадр 04.04.2023 19:30 607

Түркістан облысында Омарташылардың аралары бір күнде қырылып қалды. Бал арасын өсірушілер мұның себебін түрлі зиянкестер мен кенелерге қарсы жүргізілген залалсыздандыру жұмыстарынан көріп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ал дәрі шашуға тапсырыс бергендер өздеріне тағылған айыппен мүлде келіспейді. Мына шаруашылықтың бал аралары бір күннің ішінде қырылып, омарталарының көбі босап қалған. Игорь Бовкун қазірдің өзінде 4-5 млн теңге шығынға батқанын айтып отыр. Мұндай қиын жағдайға басқа омарташылар да тап болған.

Аралар қырылып жатыр. Тірі қалғандарының өзі әлсіз. Аман қалған аралар да уланып, енді ауыруға ұшырайтыны сөзсіз. 2018 жылы да осылай ескертпей улаған еді. Шардара ауданында 30-ға жуық омарташы зардап шеккен. Шығын көлемі 100 млн теңге. Өйткені, биылғы аламыз деп жоспарлаған өнімнен де айырылды. Жаңа ара ұяшықтарын сатып алуға қыруар қаржы керек. Ал дәрі себуге тапсырыс берген мекеме аралардың қырылып қалуына еш қатысымыз жоқ деп отыр. Олар залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетіні туралы әлеуметтік желілер арқылы хабарлама тараттық дейді, - дейді омарташы Евгения Катигробова.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасарының айтуынша, аралардың қырылуына дезинфекция әсер етпеген

- Сол поршокты жерден алса әрине ол әсер етеді. Тіптен біздің дезинфекция атқармаған, тіптен алыс саяжайларда аралар өліп жатыр деген хабар келді. Ол аралардың өздерінің арасында да эпидемия жүруі мүмкін әртүрлі себептерден. Сол себепті бұны әрі қарай әрине зерделеу керек, - дейді Бақтыораз Елемесов.

Енді қиындыққа тап болған омарташылар бірігіп, шығындарын заңды түрде өндіріп алуға бел буып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға