Түркістандық кітапханашылар қарт ананың алғысын алды
Фото: Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі
04.05.2024 02:34
494
«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында «Фараб» кітапханасының ұжымы қарт ананың алғысын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кітапханашылар Түркістан қаласындағы Бекзат мөлтек ауданының тұрғыны Керімбаева Гүлсім апаның үйінде тазалық, сырлау-әктеу жұмыстарын атқарды. Бұдан өзге олар қарт анаға арнайы бір реттік материалдық көмек көрсетіп, азық-түлікпен, химиялық тауарлармен қамтамасыз етті.
67 жастағы зейнеткер өз кезегінде кітапханашыларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Мекеме директоры Жанат Сәдібекқызы алдағы уақытта Гүлсім апаға кітапхана тарапынан жүйелі түрде көмек көрсетіліп тұратындығын жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астаналық тұрғын жас футболшылардың телефондарын ұрлап кеткен
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды