Түркістандық азамат «ҰҚК қызметкері» боп 12 млн теңге пара талап еткен

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
07.06.2024 11:23
598
Түркістан облысында тексеріс шараларын тоқтатуға уәде берген азамат 6 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Ол өзін ҚР ҰҚК қызметкері ретінде таныстырды және ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермеледі. ҚМА Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында белгілі болғандай, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңгені құрады, оның жартысын алған кезде аталған азамат ұсталды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкентте аяғы ауыр келіншектің ішіне пышақ сұғып алған
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті