Жаңалықтар

Түркістандағы жол апаты: 16 адам ауруханаға жеткізілді

Түркістандағы жол апаты: 16 адам ауруханаға жеткізілді
Фото: Түркістан ПД баспасөз қызметі 18.10.2023 18:02 665

Түркістанда болған жол апаты кезінде автобус жер үйдің қабырғасын бұзып, ішіне кіріп кетті. Жол апатының салдарынан 16 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін Түркістан қаласындағы көше қиылыстарының бірінде болды. «Хундай Акцент» автокөлігі №17 маршруттағы жолаушылар автобусымен соқтығысып, нәтижесінде автобус жеке үйдің қабырғасын бұзып, ішіне кіріп кетті.

Қазір жеңіл көлік жүргізушісі Түркістан қалалық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, 6 адам сынық-сырқат бөліміне жатқызылған. 9 адам дәрігерлерге қаралған соң үйлеріне қайтарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға