Жаңалықтар

Түркістандағы сұмдық жайт: Әкім қара жамылған әулетке барды

Түркістандағы сұмдық жайт: Әкім қара жамылған әулетке барды
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 22.08.2023 20:47 2122

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке арнайы барды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Сырдария өзенінде орын алған оқыс оқиғадан қайғы жамылған әулеттің ата-аналарына, ет жақындарына көңіл айтты. Қайғыларына ортақтасып, құранға қатысты. Тиісті көмек көрсетіп, қажеттілігінше қолдау ұйымдастыру жүргізілетіндігін жеткізді.

Түркістандағы сұмдық жайт: Әкім қара жамылған әулетке барды

Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бүгінде суған батқан 11 адамның 9-ы табылып, жаназасы шығарылып, жер қойнына тапсырылды. Оқыс оқиғаға орай Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, құтқарушылар, аудан әкімдігі мен орман шаруашылығы және еріктілер жолданып, бірден іздестіру шараларына кірісті. Мәселе облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауына алынып, тиісті үйлестіру жұмыстарын жүргізді.

Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды.

Түркістандағы сұмдық жайт: Әкім қара жамылған әулетке барды

Құтқарушылар мен еріктілер тұрғындарға жаз бойы бұл жерге суға түсуге болмайтындығы жайлы жан-жақты ескертулер жүргізген. Анықталғандай, мұндай түсіндіру жұмыстарына дәл осы әулет те қатысқан. Алайда, рұқсат етілмеген орында шомылудың зардабы мен сақтық шараларын ескермеудің салдары осындай жағдайға ұласып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға