Жаңалықтар

Түркістандағы Күлтөбе қалашығы заманауи туристік орталыққа айналады

Түркістандағы Күлтөбе қалашығы заманауи туристік орталыққа айналады
Фото: Түркістан облысы әкімдігі 20.02.2025 08:45 293

Түркістан қаласында «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров қалашыққа барып, мамандардың жобаға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында аймақ басшысы жобаға жауаптыларға шетелдің осы бағыттағы тәжірибелерін зерделеп, тиімді тұстарын алуды, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.

Әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгінде Күлтөбе қалашығының металл конструкциялары, күмбез жабындары орнатылған. Жан-жағына инфрақұрылым тартылған. Аталған жұмыстар ЮНЕСКО талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта қалашықта қабылдау орталығы, музейі бар ғимараттар салу ұсынысы енгізілген. Ол ғимараттарда Қаңлы дәуірі, Орта ғасырлар, Қазақ хандығы дәуірінің археологиялық ескерткіштерімен қатар сол кезең туралы мәліметтер жұртшылыққа ұсынылмақ. Сонымен бірге интерактивті қабырғалар орнатылып, технологияның соңғы үлгілері қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Айта кеетйік, жалпы бұл жобаның тұжырымдамасы әлі де талқыланып, тиісті шешім қабылданады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға