Түркістандағы "Керуен сарай" маңында шарлар домалап жүр
Түркістандағы "Керуен сарай" маңындағы сәндік шарлар домалап, қозғалып жатқаны желіні шулатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістанда орналасқан Орталық Азиядағы ең ірі "Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешенінде орналасқан шарлар желден қозғалып кеткен.
"Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешені өкілі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
Бұл - 28 желтоқсанда болған жағдай. Түркістан қаласында қатты жел болып, салдарынан бірнеше нысанға залал келді. Кешен аумағына қойылған декорациялық домалақ шарлардың салмаға өте жеңіл. Бір адам дөңгелетіп алып кете алады. Жеңіл зат болған соң жел қозғап жіберген. Қазір барлығын қайтадан орнатып қойдық. Сәндік шарлар орнында тұр, - деп жазылған хабарламада.