Жаңалықтар

Түркістанда Халифа Алтайдың жүз жылдығын атап өтті (ФОТО)

Қасиетті Құранды қазақ тіліне ең алғаш аударған ғұлама ғалым
Түркістанда Халифа Алтайдың жүз жылдығын атап өтті (ФОТО)
25.05.2017 16:33 7252

Биыл белгілі дін ғұламасы, қоғам қайраткері, бірегей тұлға Хаифа Алтай Ғақыпұлының 100 жылдығы.

Атаулы мерейтойға орай, республикамыздың жер-жерінде Түркия, Қытай және Еуропаның бірқатар елдерінде тұлғаның тұғырын биіктетуге арналған алқалы жиын, басқосулар өтуде.

Солардың бірі Түркілердің рухани астанасы саналатын киелі Түркістан шаһарында болды.

Х.А.Ғақыпұлы ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, имани кітаптарды таратуға еңбек сіңірген. Қасиетті Құранды қазақ тіліне ең алғаш аударған ғұлама ғалым халықтың рухани санасын жаңғыртты.

Ахмет Ясауи университетінде «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен ғұлама ғалым, діни ағартушы қайраткер Халифа Алтай Ғақыпұлының 100 мерейтойына орай «Халифа Алтай исламның көрнекті ғұламасы» атты танымдық конференция өтті.

Сондай-ақ, конференция аясында орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінде жас өспірімдер арасында Құран оқу жарысы ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға