Жаңалықтар

Түркістанда жыл басынан бері вакцинадан бас тартқан 47 адам қызылшамен ауырған

Түркістанда жыл басынан бері вакцинадан бас тартқан 47 адам қызылшамен ауырған
Фото: © iStock 23.01.2024 19:20 691

Түркістан облысында жыл басынан бері екпеден бас тартқан 47 адам қызылшамен ауырған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинге мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін облыста қызылшаның 299 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 81,2 % (243-і) 14 жасқа дейінгі балаларды құраса, ересектер арасында 56 адам ауырған.

Оқи отырыңыз: 

12-18 ай, 6 жастағы балаларға салынатын жоспарлы қызылшаға қарсы вакцинадан 560 азамат бас тартқан. Қызылшамен ауырғандардың 68,1 % (210-ы) вакцина салдырмағандар. Жыл басынан бері екпеден бас тартқан 47 адам қызылшамен ауырған. Ал егу жасына жетпегендер - 47, медициналық шегерілім - 60, егу статустары белгісіз 56 адамды құрады. Өлім жағдайы тіркелмеген.

Баршаңызға мәлім, ел Үкіметі, Денсаулық сақтау министрлігі аурушаңдықтың алдын алуға өте үлкен басымдық беріп, вакциналармен қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетіп отыр. Облысқа қызылшаға қарсы жаппай иммундаумен қамтамасыз ету бойынша Үндістан елінде шығарылған жалпы саны 170 230 доза вакцина жеткізілді. Қосымша жаппай иммундау аясында өңірде 172 104 бала вакцина алды. Ол вакцина алуға тиісті балалардың 91,1 % құрайды -деп атап өтті облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Сонымен қатар спикер өз сөзінде екпеден бас тартушылар арасында түсіндіру жұмыстары жалғасып жатқандығын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға