Түркістанда жол ережесін 70 рет бұзған такси жүргізушісі ұсталды
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
14.06.2023 20:20
846
Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1,2 млн теңгеден асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық трассалардың бірінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Қорғау-қауіпті жүргізуші" бағдарламасының көмегімен жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған армян нөмірлі Honda автокөлігін анықтады.
Тексеру барысында жеке тасымалдаумен айналысатын 40 жастағы жүргізуші Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының жолдарында 73 рет жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды.
Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1,2 млн теңгеден асты.
Полицейлер құқық бұзушының көлігін айыптұраққа жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
TikTok вице-президенті: Қазақстанмен тығыз жұмыс істейміз
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды