Жаңалықтар

Түркістанда жазғы дөңгелекпен жүрген 26 жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістанда жазғы дөңгелекпен жүрген 26 жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: © istockphoto.com 08.12.2024 12:05 462

Түркістан облысында көлік дөңгелегін қысқы маусымға дайындамаған 26 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция жүргізушілерге қыс мезгілі басталуына сәйкес Жолдағы қауіпсіздік туралы ойланып, көліктеріне қысқы дөңгелек орнатуды ескертеді. 

Биыл 1 желтоқсаннан бастап осы техникалық регламентті сақтамағаны үшін автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынуы мүмкін екенін алға тартады. Мәселен, Түркістан облысында полицейлер автокөліктерде қысқы дөңгелек болмағаны үшін 26 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, "қысқы доңғалаққа" ауыстыру тек заң талаптарын орындау ғана емес, бұл жолдағы қиындықтардан аулақ болуға және өзіңіздің, басқалардың қауіпсіздігіне айтарлықтай көмектеседі. Көктайғақта жазғы дөңгелекпен жүрудің салдары ауыр апатқа әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға