Жаңалықтар

Түркістанда жарты тонна палау тегін таратылды

Түркі халықтарының арасында кеңінен таралған ас фестиваль кезінде дайындалған
Түркістанда жарты тонна палау тегін таратылды
Фото: otyrar.kz 13.12.2022 04:10 1122

Түркістанда 500 келі палау тегін таратылды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Түркістан қаласындағы экобазарда палаушылар фестивалі өткен. Онда әр бірінде 50 келіден 10 қазан палау дайындалып, халыққа тегін таратылды. Палау басқан аспаздар өзара мықтыны анықтады.

Экобазар басшылығы ұйымдастырған іс шараға өзге де кәсіпкерлер қолдау көрсеткен. Ал аспаздар ішінде шет елден келгендері де болды.

Сайыс қорытындысында түркістандықтар бірінші орынды жеңіп алып, 500 келі күріш пен 20 литр күнбағыс майына ие болды. Ал екінші орын Өзбекстаннан келген аспаздарға бұйырды. Оларға 250 келі күріш пен 10 литр күнбағыс майы берілді. Үшінші орынды Шымкент палаушылары иеленіп, 100 келі күріш пен 5 литр күнбағыс майын иеленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға