Жаңалықтар

Түркістанда зейнеткер лифт шахтасына құлап көз жұмды

Түркістанда зейнеткер лифт шахтасына құлап көз жұмды
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 14.08.2023 13:29 1025

Түркістанда 74 жастағы әйел лифт шахтасына құлап көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Белгілі болғандай, оқиға жаңа қаланың аумағында салынған үйлердің бірінде болған. Жөндеу жұмыстарының арқасында жеделсаты бесінші қабатта тоқтаған. Осы кезде бірінші қабатта 74 жастағы тұрғын лифт есігін ашып, шахтаға құлады.

Жөндеу жұмыстарына байланысты барлық есіктер жабылды. Жәбірленушінің есікті қалай ашқанын біз анықтаймыз, - деді Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Талғат Үсенбаев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға