Түркістанда заңсыз ауланған 160 келі балық тәркіленді

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
18.03.2023 12:56
1003
Тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында күмәнді Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексерген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көліктің жүк салғышынан заңсыз ауланған 3 қап балық табылды. Күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі түрлі балық тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.
Бөлісу:
