Түркістанда тұрғындар жаппай сушиден уланды

Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
13.03.2025 00:10
192
Түркістанда фаст-фуд тағамын тапсырыспен алдырған 57 адам астан уланып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаладағы дәмханалардың бірінен жеткізілген пицца, чикен және сушиді жеген тұрғындардың жағдайлары күрт нашарлап, жаппай орталық ауруханаға түскен. Олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылса, өзгелері жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Арасында кәмелет жасына толмаған 28 бала да бар. Оларға бактериялық астан улану диагнозы қойылған.
Осы жағдайдан кейін Түркістан қаласының полиция басқармасы аталған дәмхананы мөрлеп, жауып тастады. Адамдардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкентте мопед жүргізушілері жазаланды
Келесі жаңалық
Шымкентте 23 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі