Түркістанда төрт аудандағы үй аулаларын су басып қалды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
12.03.2024 21:30
660
Түркістан облысында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан бірнеше аудандағы үйлердің аулаларын су басып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан Сайрам, Мақтаарл, Жетісай, Сарыағаш аудандарының жеке тұрғын үйлерінің 8 аула аумағы су астында қалды. Төтеншеліктер тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ деп сендірді.
Облыстық ТЖД және жергілікті атқарушы орган күштерімен шамамен 25 адам 10-ға жуық мотопомпамен аула учаскелерінен жаңбыр суын айдау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райына байланысты 2 облыстағы жолдар жабылды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты