Жаңалықтар

Түркістанда суға батқан 12 жастағы тағы бір баланың денесі табылды

Түркістанда суға батқан 12 жастағы тағы бір баланың денесі табылды
Фото: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі 23.08.2023 15:14 760

Түркістан облысында суға батқан 11 адамның ішінен 2011 жылы туған тағы бір ұл баланың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына барлығы 139 адам, 20 техника, 2 дрон және 9 жүзу құралы, оның ішінде ТЖД Жедел құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 3 жүзу құралы және 3 техника, Шымкент қаласы ТЖД жедел құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 2 техника, Түркістан облысы ТЖД-дан 67 адам, 2 дрон, 9 техника, ЖАО-дан 35 адам, 4 жүзу құралы, 3 техника, полиция департаментінен 10 адам және 2 техника, «103» қызметінен 3 адам және 1 техника жұмылдырылған.

Құтқарушы сүңгуірлер жүзу құралдары арқылы 2 мың 300 шаршы метр су түбін, ұзындығы 42 шақырым өзенді зерттеді. Пилотсыз ұшу аппараттарын тарта отырып, 51 шақырым аэровизуалды барлау жүргізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін 21 тамызда сағат 17:40-та Түркістан облысының Отырар ауданында, Көксарай ауылынан 3 шақырым жердегі Сырдария өзенінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде 11 адамның суға батып кеткенін хабарланған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға