Жаңалықтар

Түркістанда шенеунік 115 қызметкерге берілген сыйақыны алған

Түркістанда шенеунік 115 қызметкерге берілген сыйақыны алған
Фото: Антикор/Видеодан алынған кадр 26.11.2024 09:55 381

Облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы Б.Бегманов сотталды.

Ол аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.

Сот үкімімен Б.Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға