Жаңалықтар

Түркістанда қарақшылар әйелдің қол-аяғын байлап, 2 млн теңгесін алып кетті

Түркістанда қарақшылар әйелдің қол-аяғын байлап, 2 млн теңгесін алып кетті
Фото: El.kz 24.04.2023 12:30 1178

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен  Қызылорда облысының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға наурыз айында Келес ауданында болды.
 
Полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, күндіз оның үйіне белгісіз біреу кіріп, әйеліне күш көрсетіп, қол-аяғын байлап, жатын бөлмеден 2 миллион теңге ұрлап кеткен.
 
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркелді.
 
Шұғыл-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. Күдікті қылмысын толық мойындады. Одан әрі іздестіру кезінде күдіктінің сыбайласы – Келес ауданының тұрғыны тұтқындалды.
 
Қазір қарақшылық шабуыл бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
 
Күдіктілер қамауға алынды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға