Түркістанда облысында 50 мектеп салынып жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 50 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған білім ұяларының 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеруде. Әкімдіктегілер оқу орындары пайдалануға берілгенде облыстағы орын тапшылығы мен 4 апатты, 3 үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешіледі деп отыр.
Айта кетсек, биыл алғаш рет көптен бері жөндеу көрмеген 300-ден астам мектептерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 193 мектеп ағымдағы жөндеуден өтсе, 107 мектептің жылыту жүйесі газға ауыстырылды. Бұдан бөлек, 16 білім ұясында күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар 330 мектеп жоғары жылдамдықты «Starlink» спутниктік интернетпен қамтылған.