Жаңалықтар

Түркістанда көше сыпырушы әйелді мешітке кіргізбей қойды

Түркістанда көше сыпырушы әйелді мешітке кіргізбей қойды
Фото: Видеодан алынған кадр 16.10.2023 10:38 627

Әлеуметтік желіде Түркістанда тазалыққа жауапты коммуналдық сала жұмысшыларын мештіке кіргізбей қойғанының видеосы тарады. Бұл туралы otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Түркістан Тазалық» жұмысшылары мешітке келіп, дәретханаға сұранған. Иә, таңның атысынан, күн батқанша көшедегі біздің тастаған қоқысымызды жинап, тазалап жүретін кісілер. Мешітке кіре алмаса, сонда бұл кісілердің еңбегі адал, өздері харам болғаны ма? - деп жазды автор.

Бейнежазбадан мешіт есігінің алдында дін өкілі мен қала тазалығына жауапты мекеменің жұмысшы әйелін көруге болады. Ал мешіттің қақпа тұсында екінші көше сыпырушы тұрады.

Кет деймін, тыныштықпен кет! Бұл жер көпшіліктің «туалеті» емес! «Давай, мен пока неғымай» тұрған кезде кет! - дейді қатты дауыспен дін өкілі.

Мешіт ішінен шыққан өзге ер адамдар басына сәлде киген адамның бұл әрекеті бұрыс екенін алға тартып, тіпті оған «Айқайлай берме» деп ескерту жасаған.

Белгілі болғандай, ол имам емес, дін мешіт қызметкері болып шықты. Ол көше сыпырушылардың мешіттегі тазалықты сақтамайтынын алға тартып, осындай қадамға барғанын айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға