Түркістанда кеден бекетінің лауазымды қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облыстық департаменті
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облыстық департаменті
06.03.2024 20:25
790
Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары жүйелі негізінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Лауазымды қызметерлер жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу дерегімен күдіктелуде. Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегілер сот дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Оқи отырыңыз:
- Шымкент әкімінің экс-орынбасарына қатысты сот отырысы басталды
- Премьер-министрдің экс-кеңесшісі ұсталды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жол түзелсе, бәрі түзеледі